«Жанұя жылуы» жобасы аясында Аймақтық психологиялық қолдау орталығының бастамасымен мектебімізде «Мен сені естимін және түсінемін. Айқайсыз әлем» атты тренинг сабағы өтті.
Іс-шараның мақсаты — ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, өзара түсіністік пен бір-бірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жарасымды отбасылық қарым-қатынасты құру.
Тренинг қатысушыларға отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа жаңаша көзқараспен қарауға, эмоцияны жұмсақ әрі тиімді жеткізуге және айқайсыз диалог құруға мүмкіндік берді.




